Т.РЫСҚҰЛОВ: «ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Т.РЫСҚҰЛОВ: «ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылдық «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Қайсар Сұлтанов ауылдық мәдениет үйінде арнайы Қарттар күніне орай өткізілген «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты іс-шараға қатысты. Жиынға қазыналы қариялар мен кітапхана қызметшілері қатысып, рухани отырыстың куәсі болды.

Ауыл имамы жиында қарияларды құрметтеу керектігін, кішілерге мейірім көрсету керектігін баса айтты.

Өмір алма-кезек. Кімде-кім бойында күш жігер бар уақытында, яғни жастық шақта үлкендерді сыйлап, құрмет көрсетсе, ертең қартайғанда жасаған қызметі алдына шығады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қандай да бір жас адам жасы үлкенді құрметтейтін болса, қартайған уақытында Алла Тағала оны да құрметтейтін біреуді жібереді», – деген (имам Тирмизи).

Қазақ халқы: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» немесе «Қарты бар елдің қазынасы бар» деу арқылы үлкен адамның қадір-қасиетін бағалап, сыйлап, құрмет көрсетуді насихат еткен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: