“Тәңіршілдік - қате жол” тақырыбында насихат айтылды. Әбдібай ата мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы Аудандық Қаратау Қажы би мешітінің жамағатына “тәңіршілдік - қате жол” атты тақырыпта кең көлемде уағыз-насихатын айтты.
Асқарбек Серікұлы “Бүгінгі тәңіршілміз деп жүргендер қазақтың салт-дәстүрін желеу етіп, асыл дінімізді жоққа шығарып, қазақ халқын мұсылманшылықтан бөліп қарастыруды ұсынады. Әрине, бұл тек адасушылық пен теріс пиғылды идеология”,- деп ойын қорытындылады. Аталмыш жиын біткен соң жамағат арасынан бірер кісі Асқарбек Серікұлына сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.