Талас ауданы, Сәду Шәкіров ауылы, Байтоқты баба мешітінің имамы Османов Бақдәулеттің ұйымдастыруымен Сәду Шәкіров ауылдық мәдениет үйінде “діни экстремизм” тақырыбында кездесу өтті.
Ауыл тұрғындарын, әсіресе жастарымызды асыл дінімізге үйрету, тәрбиелеумен қатар, діни ағымдардан сақтандыру да баршамыздың міндетіміз деп сөзін бастап, кең көлемде уағыз-насихатын айтты. Сөз соңында, діни сауатты тек бекітілген дін қызметкерлерінен, мешіт имамдарынан алуды тілге тиек етті.