Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің найб имамы Азамат Балхожаев келген жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жасап, насихат айтты. Шараға 12 адам қатысты.
Баршамыз бір екендігімізді, мұсылмандар бауырмал болу керектігі айтылып, бұл қазақ даласының нағыз көрінісі мен аталарымыздың шынайы белгісі еді. Соның жалғасын табу жастарға түсіндіру өте маңызды екендігі аталып өтті. Найыб имам ҚМДБ-ның бірнеше жыл қатарынан осы тақырыпты басылымдылық беріліп келетіндігін, «Дін мен дәстүр» кітаптарының жарық көргендігін, дәстүрін ұстанған мұсылман болуға шақырды.