ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының бастамасымен және Есейхан ауылының кәсіпкері Темірбеков Манатбек ағамыздың демеушілігімен “Темірбекұлы Тұрсынбек” атамызды еске алуға арналған аудандық Құран ұйымдастырылды.

Аталмыш жарысқа ауданымыздан 16 шәкірт қатысып, әділ қазылар алқасы ауданымыздың наиб имамы Ұзақ Азамат және Тамды ауылы Тәңкібай ата мешітінің ұстазы Нұрболсын Нұрмырзаұлы төрелік етті. 1 орынды Аудандық Қаратау Қажы би мешітінің шәкірті Лесбек Исмайыл алса, 2-орынды Тамды ауылының шәкірті Дүйсенбі Аян иемденді. Сәду Шәкіров ауылынан келген Әтібек Бекжан 3-орынға қанағат етті. 1 орынға -50мың. 2 орынға -30мың. 3 орынға -20мың теңге қаржылай сыйлық табыс етілді. Сонымен қатар, барша жарысқа қатысушы шәкірттерге 5мың теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді. Жиын соңында Темірбеков Манатбек ағамыз сөз сөйлеп, аталмыш Құран жарысын ұйымдастырған Ауданның Бас Имамына ерекше алғысын айтып, ілтипатын білдірді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: