Асыл дініміз Исламда қайырымдылық атаулының ең құрметтісі уақып деп танылады. Тілдік тұрғыда «уақып» сөзі ұстау, тоқтату, кедергі болу деген мағыналарды білдіреді. Шариғатымызда белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалануды уақып деп атаймыз.
Осы орайда еліміздегі "Уақып" қорын насихаттау мақсатында аудандық "Меркі ата" мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы аудан имамдарына «Уақып» қоры жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Насихат барысында Азамат Берікұлы «Уақып» қорының жұмыс бағыты жайлы айтып, аудан имамдарын өңірлерде «Уақып» қорын жандандыруға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі