Меркі ауданы, Ақарал ауылы «Сыпатай Әлібекұлы» мешітінің имамы Құрамаев Бақтыбек қайырымдылық жасауын жалғастыруда.
Ауыл имамы қасиетті құрбан айт күні ауылдағы мұқтаж отбасыларды зиярат етіп, құрбандық етін үлестіріп және азық – түлік, ұн, май, күріш, макарон өнімдерін тарқатып берді. Бұған қоса бір отбасыға қаржылай көмек көрсетті. Алла Тағала имамдарымыздың қызметін қабыл етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі.



30 Август 2026
16 Раби-авваль 1448

