Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен Қасиетті Құрбан айт күні 70 қой құрбандыққа шалынды.
Аудандық мешіттің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға жалпы саны 210 отбасы қамтылып құрбандық еті таратылды. Көмек алған отбасылар имам-молдаларға разылықтарын білдіріп, баталарын берді.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі


01 Май 2026
14 Зуль-каада 1447

