Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылы, «Түрксіб» мешітінің молдасы Болат Айдарбеков мүгедек жас бүлдіршіндердің көңілін, қал жағдайларын сұрап, хадисте: «Сыйлық араны жақындастырады» - демекші төрт баланы зиярат етіп 25 000 теңгені құрайтын тәттілермен көңілдеріне демеу болып, ізгі ниеттерін білдірді.
Балалардың ата-аналары өз алғыстарын айтып, баршамыз бір екендігімізді, мұсылмандар бауырмал болу керектігін көрсетті. Осындай сауапты істеріміз көп болғай.