«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Құрбан айт мейрамының құрметіне орай «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан» жайлы жамағатқа викториналық сұрақтар ұйымдастырылды.
«Әл-Карим» мешітінің имамы Алпысбаев Есбол намазға жиналған жамағаттың білімін арттыру, діни дүние танымын кеңейту мақсатында құрбан айт намазынана кейін викториналық сұрақ – жауап ойынын ұйымдастырды. Сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап берген жандарға кітаптарды сыйға тартты.
Алла Тағала имамдарымыздың жасап жатқан игі істерін қабыл қылсын!
Аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі.



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

