Аудан бас имамы Азамат Берікұлы Меркі ауданына қарасыты аудан-ауыл имамдарына Құрбандық пәтуаларына қатысты семинар дәрісін жүргізді.
Семинар барысында бас имам Азамат Берікұлы «MUFTIYAT» баспасынан шыққан «Құрбандық пәтуалары» кітабын таныстырып, ішіндегі құрбан шалуға қатысты бір қатар мәселелерді қозғады. Сонымен қатар осы кітапта жазылған пәтуалардың маңыздылығына тоқталып, жамағат тарапынан құрбан шалу мәселесіне қатысты сұрақтар қойылған жағдайда осы кітап негізінде жауап беруге шақырды. Шара барысында ауыл имамдары да құрбандық мәселесіне қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып өз жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі