ОБЛЫС БАС ИМАМЫ АССАМБЛЕЯНЫҢ XXVII СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ АССАМБЛЕЯНЫҢ XXVII СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Достық үйінің мәжіліс залында Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өтті. «Бірлік пен келісім әр қазақстандықты игілікке жеткізетін жол». Бұл – тұрақтылық пен татулықтың символына айналған ұйым мүшелерінің 27-ші сессиясында өрбіген басты тақырып. Аталған шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев қатысып қайтты. 

Бүгінде өңірімізде достықты дәріптеген 86 этномәдени бірлестік бар. Олардың мақсаты ортақ - ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайта түсу. 

Өңірімізді мекен еткен ұлт өкілдерінің бірлігіне негізделген көлемді жұмыстар мен алуан мазмұнды іс-шаралар талқыланды. Сессия барысында түрлі ұлт өкілдерін ұйыстырған ұйымдардың жоспары баяндалды. Олардың дені – еліміздің татулығының тұрақтылығына бағытталған.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: