№9 «Меркі» колледжінде «Отанымыздың бақытты болашағы тек бірлікте» тақырыбында насихат айтылды. Шара барысында Меркі ауданық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Бауыржан Пирназаров насихат айтты.
Отанымыздың бақытты болашағы тек бірлікте, отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір, көп ұлтты болуымыз біздің байлығымыз және мақтанышымыз, еліміз Қазақстан - ортақ жер, біртұтас халық және ортақ келешек болғандықтан ұлтқа, жерге бөлінбестен халқымызға қызмет қылу баршамыздың борышымыз екендігі жайында жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі