Меркі ауданы Қазақдихан ауылы мен Қызылтаң жұртшылығы Алла разылығы үшін құрбандық шалып, Алладан қайырлы жаңбыр тілеп тасаттық берді.
Арнайы тасаттық үшін жайылған дастарханнан ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты апаларымыз, аға-жеңгелеріміз бен бала-шаға дәм татты. Дастархан басында ауыл имамдары «Тасаттық» жайлы шариғаттың талабын, қандай амал атқарылу керек, қандай амал рұқсат етілген, қандай амалға тыйым салынғанын түсіндірді.
Артынша Құран оқылып, Алладан елімізге, жерімізге дұға жасасып тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі