Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор. Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса. Салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектетіп, көрсетіп тұратын сипаттар. Дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым.
Осыған байланысты Қордай ауданы имамдары арасында дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып садақтан жарыс өтті. Аудан бас имамы дін қызметкеріне жалпы садақтың ережесімен таныстырып, жарыстың шарттарымен таныстырып өтті. Аталмыш жарыста Қарасу ауылы «Яссауи» мешітінің имамы Идыбо Харсан 1-ші орынға ие болды. Ал Отар ауылы «Имам Ағзам абу Ханифа» мешітінің имамы Рахимбердиев Рахат 2-ші орынды және Соғанды ауылы «Соғанды» мешітінің имамы Бекмуратов Самат 3-ші орынды иеленді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі