Қордай ауданына қарасты имамдар табиғат аясына демалысқа шықты. Аудан бас имамының бастауымен дін қызметкерлерінің қолдауымен Масаншы ауылының тау бөктеріне саялады. Имамдардың бас қосылып, шүйіркелесіп таза ауада палау басып, кәуап жасады.
Аталмыш демалысқа Жамбыл ауданының бас имамы Құттыбаев Дәурен Нұржанұлыда келді. Өзара спорттық іс-шаралардан садақ ату, футбол, волейбол сынды ойындар да ұйымдастырылды. Таудың әсем табиғатының таза ауасымен тынығып, ғибратты уағыз-насихаттар айтып керемет тағылымды демалыс өткізді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі