#Қордай: «Имани жаз – 2024» басталды

#Қордай: «Имани жаз – 2024» басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ қоғамындағы басты байлық адам болса, ақылды да иманды, парасатты да тәрбиелі қыздар – ортаймайтын ең құнды қазына. «Қоғамды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген қағиданың мәні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты.

«Қыз, әйел, ана» – қасиетті ұғымдар, өйткені өмірдің бастау-бұлағы анадан адамзат тарап, ұрпақ өсіп, ұлт қатары көбейеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілі мен дінін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін де әйел-ана. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен "Имани жаз-2024" қыздарға арналған жаздық сауат ашу курсына қабылданған қыздарға  арналған жиын өтті. Кеште ғибратты оқиға көрсетіліп,монолог оқылды. Қонақтарға сөз беріп,  насихат айтылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: