«Күллі аспан әлемі мен жердің бар билігі мен иелігі бір Аллаға тән! Ол қалағанын жаратады. Қалағанына қыз сыйлайды, қалағанына ұл сыйлайды. Яки қалағанына ұл мен қызды бірге береді. Сондай-ақ, қалағанын бедеу етеді…» («Шура» сүресі, 49-50 аяттар) – деген.
Аятта баяндалғандай, аманатқа қиянат жасаудан аулақ болып, ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін перзенттеріміздің көп болары сөзсіз. Оларға Алланы танытып, діні мен дәстүр, дүниетанымын дамытып, дұрыс тәрбие беру – ата-ананың міндеті.
«Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, ұлыңа, халқыңды тәрбиелеймін десең, қызыңа тәлім бер»,- деген сөз бекер айтылмаған. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Өйткені қыз – болашақ ұрпақтың анасы.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызы мен «Рахман» мешітінің ұстазы Айгуль Жолдасқызы «Имани жаз-2024» қыздарға арналған жазғы сауат ашу тобына «Білім» және «Қыз баланың білім алуы» жайлы насихат айтты. Білім алу - ерге де ,әйел затына да міндетті. Әрбір құлшылық дұрыс орындалу үшін адам сауатты болу керек. Және сол құлшылықтарын Алланың разылығы үшін жасап үйренуі шарт.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі