Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас ауылы «Ан-Нағим» мешітінің ұстазы Айнұр Мұсабекқызының ұйымдастыруымен сауат ашу курсында оқып жатқан қыздарға «Құраным – асыл тәжім» атты Құран табыстау рухани шарасы өтті.
Шараға Байзақ аудандық әйел-қыздар секторының жетекшісі Жанат Әмірханқызы арнайы қатысып, «Ілім алудың пайдасы» тақырыбында насихат айтып, ауыл имамы Сейдали Тафильбекұлының ұйытқы болуымен Құранға түскен қыздардың басына тәж кигізіліп, қолдарына Алланың кәләмі – Құран табысталды. Рухани кеште мешіт шәкірттері бар үйренгендерін ұстаздардың алдында көрсетті.