#Талас: 1 мамыр - балаларды қорғау күні ерекше аталып өтті

#Талас: 1 мамыр - балаларды қорғау күні ерекше аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1 мамыр - балаларды қорғау күні ерекше аталып өтті. Балаларды қорғау күніне орай Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы орталық саябаққа ат басын бұрды. Балаларды қуандыру үшін ерекше ойыншықтар мен тәтті балмұздақтар таратылды. Сыйлық пен балмұздақ алған балалар қуаныштарын жасыра алмай, өздерінің төл мерекесі екендігін сезінгендей әсер қалдырды.

Ата-аналары мешіт қызметкерлеріне ерекше алғыстарын жаудырып, балаларымызды қуандырғандарыңыздай Жаратушы Алла да сіздерді қуандырсын деген ізгі тілектерін білдірді. Өз кезегінде, Жалғасбай Дүйсенбайұлы да балаларды мейрамдарымен шын жүректен құттықтап, еліміздің болашақ жастары иманды әрі отансүйгіш болып өсуін тілге тиек етті.

Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: