#Меркі ауданы: «Намаз - діннің тірегі» тақырыбында насихат айтылды

#Меркі ауданы: «Намаз - діннің тірегі» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Есеналиев Еламан жиналған жамағатқа «Намаз – діннің тірегі» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Еламан ұстаз дініміз Исламда Намаздың қадір-қасиеті жайлы айтып, өз сөзінде: «Әбу Һурайра(Алла оған разы болсын)  Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін естіген: «Қиямет күні пенденің амалдарынан ең әуелі сұралатыны – намаз. Егер намазы дұрыс болса, онда пенде қуанышқа бөленіп, игілікке қол жеткізеді. Егер намазы дұрыс болмаса, онда апатқа ұшырап, қайғыға түседі. Егер оның парыз амалында кемшілік болса, Хақ Тағала: «Оның нәпіл амалдары бар ма екен? Онымен парыздардың кем-кетігін толтырсын» - дейді. Оның басқа амалдары да тәрізді есептеледі». Демек мұсылман адам ең алдымен намазға аса сақтықпен қарап, бар ықылас жігерін салу керек. Намазсыз мұсылман адамның өмірі бос» -  деп жамағатты бес уақыт намазға берік болуға шақырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: