Меркі ауданы, Екпінді ауылдық мешітінің асханасына жиналған жамағатқа аудандық мешіттің наиб имамы Пирназаров Бауыржан «Алланың заңдылықтары» жайында уағыз-насихат жүргізді.
Аудан наиб имамы: « Құранда Алла Тағала Бақара сүресінің 155 аятында: «Шүбәсіз, Біз сендерді қорқынышпен, аштықпен һәм мал-мүліктеріңді, жақындарыңды әрі өнімдеріңді (табыстарыңды) кеміту арқылы сынаймыз. Ендеше, сабырлы болғандарды сүйіншілеп қуанта бер.» - деген. Алла Тағала барлығын сынайды. Бұл дүниеде сынақ» - деп тыңдаушы жамағатты осы уақытша дүниенің қызығына батып, ақыретті ұмытып кетпеуге, Алладан сынақ келсе – Алланың өзінен жіберген сынағынан жәрдем тілеп, сабырмен Жаратушымызға тәуекел етуге шақырды.
Алла Тағала баршамызға өзі разы болатын амалдарды жасауымызды нәсіп қылсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі