#Меркі ауданы: Аудан бас имамы Екпінді ауылында насихат айтты

#Меркі ауданы: Аудан бас имамы Екпінді ауылында насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты Екпінді ауылдық «Рахымбай ата» мешітінің құптан намазына жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Аудан бас имамы құптан намазына жиналған халықпен амандасып, қал жағдайларын сұрасып, артынша құптан уағызын айтты. Уағыз «Исламдағы ауызбіршілік» тақырыбында өрбіді. Яғни, Ислам діні бұл ауызбіршілікке, ынтымаққа негізделген дін. Алты бақан алауыз болған халық ешқашан оңған емес. Кешегі ел бастаған хандардың қасында ақыл – кеңесін айтып отыратын билері мен батырлары болған секілді, қазірде осы ауыл имамына демеу болып, бірге жұмылып, мемлекетіміздің алға көш бастауына, еліміздегі діни ахуалды дамытуға  өз үлесін қосуға мешіт жамағатын шақырды. Тақырыпты егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.

Уағыз соңынан құптан намазын жамағатпен оқып, артынша Елдің, Жердің амандығы үшін дұға жасады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: