#Меркі ауданы: Аудан жамағаты айлық дастарханда бас қосты

#Меркі ауданы: Аудан жамағаты айлық дастарханда бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Екпінді ауылы «Рахымбай ата» мешітінің имамы Токушбеков Серікханның ұйытқы болуымен және мешіт жамағатының ұйымдастыруымен мешіт  асханасында айлық дастархан жайылды.

Игі іс-шара «Жүніс молда» мешітінің имамы Қасымалиев Дастанның қасиетті Құран аятын оқуымен  басталып, «Ботбай баба» мешітінің имамы Омаралиев Қуанышбайдың бата беруімен жалғасын тапты.  Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы жиынға келген жамағатқа уағыз-насихат айтып, осы айлық дастарханды ұйымдастырған ауыл имамы мен  жамағатына алғысын айтты. Жиын барысында викториналық, діни-танымдық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген жандарға кітаптар сыйланды.Игілікті шараның  соңында еліміздің тыныштығы мен амандығы үшін дұға жасалды. Рухани отырысқа жиналған жамағат рақметтерін айтып, алғыстарын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: