«Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Расында, адамға ниет еткені тиесілі», – деген тағылымды хадис бар. Жақсы ниет жақсылыққа жетелейді деген ұғымды ұстанған Қаракемер ауылының имамы ауыл тұрғындарының ішіндегі мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасады. Азық-түлік және үй тұрмысына қажетті заттар берілді.
Қазақ даласында «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» делінсе, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің хадис шәрифінде «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» делінген.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі