Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінде I және III аймақ имамдарына «Хадисті меңгерудің негіздері» атты семинар өтті. Семинарға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы қатысты.
Қанат Әділханұлы: «Хадис тізбектеріндегі жеткізуші тұлғаны «Рауи» деп атайды, әр заманға байланысты хадис жеткізушілері өздерінің жадында хадисті сақтау арқылы келер ұрпаққа таза және олқылықсыз жеткізуге бар жігер-қайратын төккен. Ислам ғылымының қайнар көзін сақтауда көзінің қарашығындай байыппен жаттау арқылы және кітап күйінде сақтаған. Ислам ғалымдарының ғылымға деген ыждахаттылығының жоғары денгейде екенін ислам әдебиеттерінің жинақтау әдіснамасынан байқауға болады. Сахих хадис дегеніміз – тілдік мағынасы тұрғысынаң «дұрыс», «сау» деген мағынаға ие. Терминдік мағынасы «Нақты тізбек жеткізушілермен (рауилар) соңына дейін тізбегі жалғасқан, хадистің қарама-қайшылығы мен дұрыстығын жоятын бүркеме олқылығы жоқ хадис», - деп дәріс оқыды.