Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінде «Уақып – сарқылмас қазына» атты I және III аймақ имамдарына семинар өтті. Семинарға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және аймаққа қарасты имам-молдалар қатысты.
Семинар барысында Қанат Әділханұлы: «Біздің елімізде діни уақып енді басталып келеді. Діни уақып дегеніміз – құлшылық жасауға, білім алуға арналған жылжымайтын мүліктер (мешіт, медресе, жоғары діни оқу орны, қайырымдылық мекемесі, т.б.). Сонымен қатар, қайырымдылық уақып бағыты да бар. Қайырымдылық уақып дегеніміз – жылжымайтын мүлік пен қаржы көздерін сауапты істерге жұмсау», - деді.