«Дәстүрлі ислам – дәстүр мен исламның біріккен түрі. Дәстүр дегеніміз – ешбір киелі кітапта жазылмайтын, атадан балаға, баладан немереге, ауыздан ауызға, фальклор арқылы жететін, отбасыдағы мәдениеттен жалғасқан әдет-ғұрып. Яғни салт-дәстүр мен исламның үндескен жері.
Қордай ауданы, Әжан ана ауылы «Құжайберген» мешітінің имамы Саламат Аманбаев ауылдық әкім ұжымына «Дәстүрлі ислам» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Жиылған көпшілікке дәстүрлі діннің не екенін түсіндіріп және оны толығымен түсінетін болсақ, жаман пиғылды ағымдардың жетегінде кетіп қалмайтынымызды айтып жеткізді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі