#Байзақ: ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы дене шынықтыру, сауықтыру кешенінде мектеп спортшылары мен жаттықтырушыларға Байзақ аудандық мешіттің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы, Үлгілі ауылы «Әбдімажит» мешітінің имамы Қайыржан Пердебайұлы және Байзақ АПБ ювеналды полиция капитаны Ержан Ибрагимнің қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында және жас спортшыларға тәрбиесі мол іс-шара ұйымдастырылды.

  Шара барысында Бақытбек Бауыржанұлы: «Ислам діні өз қоғамына пайдалы болу мақсатында қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы мәселеге байланысты«Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деген (Имам Мүслім).

Басқа бір хадисте пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)«Расында, сенің Раббыңның сенде ақысы бар, сенің денеңнің сенде ақысы бар, сенің отбасыңның сенде ақысы бар және сенің қонағыңның сенде ақысы бар, сол үшін сен ақысы барлардың ақысын бер», – дейді (Имам Әл-Бұхари, имам Мүслім). Демек, спорт – ағзамыздың ақысы. Ол денемізді шынықтыру арқылы өтелмек», - деді.

Қайыржан Пердебайұлы өз насихатында: «Қазақ халқы қашанда «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген даналық сөзді тәрбиенің негізгі ұстанымдарының бірі ретінде ала отырып, әр баланы Отанды қорғау жолында барлық қиындықтарға төзе білуге баулып тәрбиелейді. Дегенмен, соңғы жылдары елімізде Отан деген ұлы ұғымның қадір-қасиетінің парқына бармастан, оны қорғамақ түгілі, халықтың өзіне тән құндылықтары мен ұлттық болмысынан айырып, елдің тұтастығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін теріс пиғылды ағымдардың әрекет жүргізіп отырғандығын байқаудамыз. Ниеті теріс мұндай ағымдардың негізгі мақсаты – ел халқының арасына іріткі салып, алауыздық тудырып, территориялық тұтастығымызға қол сұғу ғана», - деп «Отанға деген махаббат» тақырыбын айтты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: