Қордай ауданы, Жамбыл ауылы «Ал Хфиз» мешітінің имамы Айтөре Нұрбайұлының бастауымен ауыл жамағаты мешіттің айналасына гүл отырғызды. Мешіттің айналасындағы шөптерді тазартып, тазалық жұмыстарымен айналысты.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде: «Алла Тағалаға елді мекеннің ең көрікті жерлері – мешіттер!»,- деп бұйырады. Басқа бір хадисінде де шыраққа май құйып, мешіт ішіне іліп Алла үйін жарықтандырған Тамим әд-Дари (р.а) атты сахабаға: «Исламды нұрландырдың, Алла сені бұл дүниеде және ақыретте нұрландырсын»,- деп дұға қылады. Хадистерде айтылғандай Алла Тағаланың назары түсіп тұрған мешіттерді безендіруге атсалысқан азаматтарға Алланың нұры жаусын!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі