Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты ауыл имам-молдалары Үшбұлақ ауылындағы тау бөктерінде орналасқан «Алмалы» сауықтыру кешенінде бас қосып, «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында футбол ойнады.
Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «Біздің бұл жерге келудегі мақсатымыз – имамдар арасындағы ауызбіршілікті нығайтып, өзара спортпен шұғылданудың пайдасын насихаттау болып табылады», - деді.