Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылы «Әл-Хақ» мешітінің жанынан салынған қайырымдылық мекемесінің құрылысы аяқталды. Аталған құран ілімін беретін қайырымдылық мекемесіне Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы арнайы барып, іші-сыртын көріп, зерделеу жұмыстарын жасады.
Алдағы уақытта мекеменің құжаттарын жинақтап, пысықтап, муфтиятқа заңды түрде тіркеуге тапсырма берді. Құран жаттайтын орталық екі дәріс өтетін кабинет пен екі жатын бөлмеден тұрады. Сонымен қатар, асхана және дәретханамен қамтамасыз етілген. Ауласына әрлеу жұмыстары жасалып, газон төселген. Бұл мекеме ауданның руханиятына қызмет қыларына сеніміміз мол.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі