Талас ауданы Ақтөбе ауылының имамы Абдуллаев Асылбектің бастамасымен "Дін мен дәстүр бағыты" бойынша ауыл жастары арасында ұлттық ойын тиын ілуден жарыс ұйымдастырылды. Аталмыш шарада Есберді Нұркен жеңімпаз атанды.
Жеңімпазға ақшалай сыйлық табысталды. Жиын соңында ауыл ақсақалы бата беріп, аруақтарға Құран бағышталды.
Ақтөбе ауылы мешітінің баспасөз қызметі.



08 Март 2026
19 Рамадан 1447

