Алла иманды тек таңдаулы құлына ғана сыйлайды. Бүгінде Ислам дініне бет бұрушылардың саны күн санап артып келеді.
Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде Славик есімді орыс ұлтының азаматы Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, мұсылмандықты қабылдауға ниетті екенін білдірді. Осындай ағынан жарылып келген жаннан медресе ұстазы Азамат Абдирахманов дінге келудегі мақсатын сұрап, оған Ислам діні туралы уағыз айтты.
Ислам діні жүрегіне жақын болып, шынайы мұсылман болуға деген талпынысы бар жанға кәлима шахадатты айтқызып, хақ дініндегі бес парызды түсіндірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі