ҚМДБ «Діни оқу-ағарту» бағыты бойынша жоспарлы шаралардың бірі имамдар білімін жетілдіру мәселесі болатын. Осы орайда, Жамбыл облысы имамдарының білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында «Һибатулла Тарази» облыстық орталық мешітінде «Фиқһ усулі» пәні бойынша семинар өтті. Аталмыш семинарды Жамбыл облысы Байзақ ауданы бас имамы, РАНТ мүшесі Қанат Әділханұлы жүргізді.
Дәрісте Ханафи мәзһабы фиқһ негіздері бойынша «Ханафи мәзһабының үкім шығару әдіснамасы» және «Фиқһ саласының қалыптасуы» тақырыптары кеңінен талқыланды. Аудандардан келген имамдар фиқһ негіздеріне қатысты дәрісті аса қызығушылықпен тыңдап, өздеріңнің сұрақтарын да қойды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі