Білімнің артықшылығын тереңірек аша түсу үшін ғалымдар: «Білім – адамды надандықтың қараңғы қақпасынан шығаратын нұр» - деген. Осыған орай аудандық «Жәми» мешітінде аптасына екі мезгіл өткізіліп тұратын кезекті құптан дәрістері басталды.
Кешкі дәрістер «Шәмәил Мухаммадия» кітабы бойыншы жүргізілуде. Дәрісті аталған мешітте наиб имам Бексұлтан Олжасұлы өткізді. Алғашқы күннен-ақ діни білім аламын деп мешітке жиналған жамағаттың қарасы қалың болды. Ұстаз көпшіліктін сұрақтарына жауап беріп, мардымды мәлеметтермен бөлісті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі