Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Шу аудандық орталық «Жәми» мешітінде қала тұрғындарына ет тарату науқаны ұйымдастырылды. Шара барысында мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен 7 жанұяға ет табысталды.
Мұндай игі қайырымдылық шаралары аталған мешітте жиі ұйымдастырылып тұрады.
Мешіт бас имамы Алмас Кенжемолдаев жамағатқа жұма күнінің қадір-қасиетін жеткізіп, бүгінгі шараның маңыздылығын айтты. Тұрмыс тапшылығын тартқан жандарға қолдау білдіріп, дұға жасады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінін баспасөз қызметі