Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты - мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедей-кепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайыр садақа берумен де көрініс табады.
Осы қайырымдылық науқанын жиі ұйымдастырытын Шу имамдары кезекті игі шарасын өткізді. Шу қаласында орналасқан «Кәрібай молда» мешітінде 10 отбасыға көмек көрсетілді.
Әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға азық-түлік табысталды. Жәрдем алғандар алғысын айтып, мешіт имамдарына үлкендері батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі