ҚМДБ биылғы жылды «Ислам және дәстүр құңдылықтары» жылы деп жариялады. Осы жылдың аясында Байзақ ауданы мешіттерінің имамдары арасында «Бірлігі жарасқан имамдар» атты табиғат аясында басқосу шарасы өтті.
Шара Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлының қатысуымен әрі ауыл имамдарының қолдауымен өткізілді. Шараның басты мақсаты – имамдардың арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты арттырып, әрі дінге, қоғамға қызмет етіп жүрген азаматтардың басын қосып, одан әрі бірлесе жұмыстар атқаруға деген ниетті арттыру.
Ауыл имамдары тауға шығып Алла Тағаланың адам баласына берген нығметтерін еске алып, дастархан басында келелі әңгімелер айтылып, өзара бір-бірлеріне дін мен дәстүрді насихаттады.