#Байзақ: БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫ АҚӘДІЛ СУХАМБАЕВТЫҢ ҮЙІНДЕ

#Байзақ: БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫ АҚӘДІЛ СУХАМБАЕВТЫҢ ҮЙІНДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы V аймақ имамдарымен «Дархан дала» жобасы аясында Қосы батыр ауылында орналасқан Ағаділ Сухамбаевтың тұрған үйінде орналасқан мұражаймен танысты.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктер жылдан-жылға алыстап барады десек те, ол туралы талай-талай естеліктер мен жыр-дастандар жазылуда. Дүние жүзін фашизм езгісінен азат еткен халықтың жауынгерлік ерлігін адамзат ешқашан да ұмытпайды.

Солардың бірі әрі бірегейі – Кеңес Одағының Батыры, Байзақ ауданының мақтанышы – Ақәділ Сухамбаев. Ақәділ Сухамбаев - 1920 жылы Жамбыл облысы Свердлов ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. Ауылдық мектепті бітіргеннен кейін, қолхозда жұмыс істеп, 1938 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысады. 174-ші Борисовск Қызыл тулы атқыштар дивизиясының 628-ші Гродненск Қызыл тулы полкіндегі 1-батальон құрамында болды. Ол Белоруссияны, Литваны, Польшаны азат ету үшін болған шайқастарға қатысты.

Даңқты жерлесіміз, небәрі 24 жасында ерлік жасаған Ақәділ Сухамбаев өз ерлігін 1944 жылдың 31 шілдесінде Польша жерінде, Стжельцовизна деревнясы үшін болған шайқаста мыңдаған жауынгерлердің көз алдында жасаған. ТМД Қарулы Күштері мұражайында сақтаулы Кеңес Одағы Батыры атағына ұсыну қағазында жазылғандай, атқыштар батальонының бөлімше командирі Ақәділ Сухамбаев шешуші сәтте жауынгерлердің алға жылжуына кедергі жасап жатқан жау пулеметіне кеудесін тосып, оқ нөсерін тоқтатқан. Сол сәтте ерлігі мен есімі тұтас майданға демде таралып, ұран болып жауынгерлерді шабуылға көтерген.

А.Сухамбаевтың ерлігі облысымызда да ұмыт қалған емес. Облысымызда батыр есімімен ауылдық округ аты, Тараз қаласы мен аудан орталықтарында көше есімдері берілген. Өзі оқыған мектеп батыр есімімен аталады.

2005 жылы Тараз қаласында ерлік жасап тұрған сәтін бейнелейтін ескертіші ашылды. Ал 2012 жыл батырдың есімі Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылында орталық саябағына беріліп, ескерткіш мүсіні қойылды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: