#Меркі ауданы: Мешіт шәкірттері футбол ойнады

#Меркі ауданы: Мешіт шәкірттері футбол ойнады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Еламан Бақытханұлының ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құңдылығы» жылы аясында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мешіт шәкірттері футбол ойнады.

Мұсылман адам әрқашан өзінің денсаулығына сақ болып, спортпен шұғылданып жүруі керек. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда жақсырақ, әрі Аллаға ұнамдырақ...» - деген. Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл сөзі мұсылман адамды қуатты, мықты болуға шақырады. Әлбетте мұсылман адам тәннің мықтылығымен қатар руханиятының, иманының да мықтылығына мән беруі керек. Ислам діні мұсылман адамның әлсіз, дәрменсіз және қор болуына жол бермейді. Мұсылман баласы тәні мен жанын және рухының мықтылығын бір арнаға түйістірсе толық мұсылманның сипатына иә болады. Осы орайда шәкірттерге діни білім берумен қатар оларды спортпен шұғылдануға шақырамыз.

Жастарымыздың  рухани кемелденіп, дені сау болып, елдің тірегіне айналуын Алла Тағала нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: