Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова әйел жамағатымен мешіт ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, бабаларамыз «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деп талдарды әктеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Тазалық – иманның жартысы» - деп шариғатымыз қаншалықты тазалыққа көңіл бөлетіндігінің айғағы.
Соның ішінде Алланың үйі болған мешіттің іші мен сыртын таза ұстау мен айналасын ластамай, көрік беру сауапты істерден болмақ. Келген жамағат құлшылығын орындап, жан-жақты рухани демалатындығы анық. Алла сауаптан жазсын. Шараға 10 адам қатысты.