Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылы, «Қаракемер» мешітінде жұма уағызын Жамбыл облысы бойынша «Дін мен дәстүр» секторына жауапты Ғарифулла Әмірбеков ауыл тұрғындарымен «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында кездесті. Әрбірұлттың өзіне тән ерекшелігі, дәстүрі, мәдениеті, ұстанымы және т.б. болуы шариғатқа қайшы емес екендігі айтылды.
Қазақ ұлтының діні мен дәстүрі біте қайнасқандығы айтылып, бала дүниеге келгеннен бастап құлағына азан айту, сүндетке отырғызу, ұлды атқа отырғызу, қызға ибалық пен ұяңдықты үйрету сынды дін мен дәстүрдің байланысы сөзге тиек етілді. Шара соңында сұрақтарға жауап берілді. Шараға 25 адам қатысты.