Меркі ауданына қарасты ауыл-аймақтарда мамыр айының кірісімен Алладан еккен егіннің берекетін тілеп, тасаттық беру жалғасуда.
Аудан бойынша тасаттық беру әліде жалғасуда. Енді бірі ірі қара мал, бірі ұсақ малды Алла разылығы үшін құрбандыққа шалып, мұң-мұқтаждарға таратуда. Ауыл болып дастархан жайып, Аллаға жалбарынуда.
Алла Тағала дұға тілектерімізді қабыл етіп, аспаннан жаудырып, жерден өндіріп бергей!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі