Меркі ауданық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Бауыржан Пирназаров жастарға «Деструктивті діни ағымдар» тақырыбында насихат айтты.
Шара барысында №20 Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде деструктивті діни ағымдардың қоғамға келтіретін зияндығы, олардың негізгі мақсаты жастардың миын улау арқылы мемлекетке, басшыға қарсы қою, оларды өздерінің қолшоқпары ету және кез-келген ағымдар дәстүрді мойындамайтындығы анық болғандықтан, оларға қарсы тұру және сақтану жолы халқымыздың салт-дәстүрін жетік меңгеру керек екендігі жайында жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі