#Меркі ауданы: Жамағаттың ауызбіршілігі жайлы насихат айтылды

#Меркі ауданы: Жамағаттың ауызбіршілігі жайлы насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы «Жүніс молда» мешітінің жамағатына жамағаттың ауызбіршілігі жайлы уағыз-насихат айтты.

Мешітке келген жамағатқа бас имам: «Алла Тағала қасиетті Құранда: «Барлықтарың Алланың жібіне (дініне) жармасыңдар, сондай-ақ өзара бөлінбеңдер» (Әл Ғимран сүресі, 103-аят).» - деген. Осы себепті де асыл дініміз мұсылман жамағатын ауызбіршілікте болуға шақырады. Мешіт бұл құлшылық жасайтын орын, бөлініп өзара тартысып, бүлік шығаратын мекен емес. Қазақ атамыз: «Бөлінгенді бөрі жейді» - деген, дінімізде де бүлік бұл адам өлтіргеннен де ауыр деп айтылады» - деп жамағатты өзара сыйластыққа және әр мұсылман бауырымызды жақсы көріп оған құрметпен қарауға шақырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: