#Т.РЫСҚҰЛОВ: МЕШІТТЕН КІЛЕМ ТАРТУ ЕТІЛДІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: МЕШІТТЕН КІЛЕМ ТАРТУ ЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінің имамы Қуаныш Досымжанұлы және наиб имамы Сұлтаншәріп қажының қолдауымен «Мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыру» орталығына кілем тарту етілді. Сонымен қатар, басқа қаладан көшіп келген, асыраушысы жоқ, көпбалалы анаға да кілем табысталды.

Адам баласы Алла Тағала берген несібенің белгілі бір бөлігін мұқтаж жандарға беріп, жәрдемдесуі арқылы, зор сауапқа кенеліп, мал-дүниесіне береке кіреді. Ол адам үшін періштелердің өзі дұға жасап, тілек тілейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Әр күні Алланың құлдары оянатын уақытта, көктен екі періште түсіп, олардың бірі: «Иә, Алла, дүниесін (сауапты істерге) жұмсағандардың дүниесін толықтыр!» – десе, екіншісі: «Иә, Алла, сараңның ісін опат қыл!» – дейді» (Имам Бұхари, Мүслим).

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: