Бүгін ауданымыздың Төтенше Жағдайлар Басқармасында "Діни экстремизмді алдын алу" атты іс-шара өтті. Аталмыш шараға Қаратау қаласындағы "Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы шақырылды.
Ахат Қайыпбергенұлы ТЖБ қызметкерлеріне діни ағымдардан сақтанудың жолдары мен алдын алу шаралары туралы уағыз насихатын айтып өтіп, діни білімді тек дін мамандары мен имамдардан ғана үйренуді тілге тиек етті. Жиын соңында Ахат Қайыпбергенұлы барша ТЖБ басшылары мен қызметкерлеріне алғысын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.