#Байзақ: «ИХСАН – ТАҚУАЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙТІН ІЛІМ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

#Байзақ: «ИХСАН – ТАҚУАЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙТІН ІЛІМ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылы «Естай баба» мешітінде «Ихсан – тақуалыққа тәрбиелейтін ілім» атты II аймақ имамдарына семинар өтті. Семинарға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және аймаққа қарасты имам-молдалар қатысты.

Қанат Әділханұлы: «Ихсан – тақуалыққа тәрбиелейтін ілім. Ал тақуалық дегенді қалай түсінеміз? Тақуалық сөзі «аз сөйлеу», «сақтау», «қорғау», «әдепсіз әдеттерден, зиянды нәрселерден аулақ болу» деген ұғымға саяды. Шариғи мағынасына келсек, «күнәлі істерден сақтану, ұятты амалдан алыс болу, Алла Тағалаға бойсұнып, өзіне және өзгеге жақсылық жасау» деген мағыналарды білдіреді. Күнә мен қателікке ұрындыратын істерден сақтану – тақуалықтың белгісі.

Бір күні сахаба Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) тақуалық туралы сұраған кісіге: «Сен өміріңде тікені көп жолмен жүріп көрдің бе?», - деп сұрақ қояды. Сонда оған: «Иә» деп жауап береді. Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) тағы да: «Олай болса, сол жерден өткен кезде не істедің?» – деп, тағы сауал қояды. Әлгі кісі: «Тікеннен сақтанып өттім» деп жауап береді. Сонда әйгілі сахаба: «Тақуалық та дәл солай, күнә мен қателіктерден сақтану», - деп түсіндіріп берген екен», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: