#Байзақ: «ПӘТУА БЕРУДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

#Байзақ: «ПӘТУА БЕРУДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қосы батыр ауылы «Қосы батыр» мешітінде «Пәтуа берудің жауакершілігі» атты V аймақ имамдарына пәтуа сағаты өтті. Арнайы шараға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және аймаққа қарасты ауыл имам-молдалары қатысты.

Қанат Әділханұлы: «Пәтуаның исламда алатын орны орасан үлкен. Ал діни-құқықтық сипаттағы сұрақтарға жауап беруші тұлға «муфти» деп аталады. Оның берген дәйектемесі немесе шығарған үкімі пәтуа болып табылады. Сонымен қатар муфтидің қызметі шариғатты жеткізу әрі түсіндірумен шектелмей, заңшығарушылық функцияларды да қамтиды. Дәлірек айтқанда муфти түрлі иджтихадтық механизмдерді пайдалана отырып, Құран мен сүннетте «астыртын, жасырын немесе көрсетілмеген» мәселелердің тереңірек әрі толыққанды жауаптарын беру жауапкершілігіне ие тұлға болып саналады. Муфти пайғамбардан иджтихадтық ізденістер мен өзіндік пайымдаулары арқылы шариғи көздерден заңдарды шығаруға құқылы болды. Сахабалар туындалған кез-келген мәселелер бабымен Мұхаммед пайғамбарға баратын. Бір кездері ол өзінің кейбір сахабаларына пәтуа шығаруға рұқсатын берген. Солардың бірі Йеменге билеушінің өкілі ретінде жіберілген Муаз ибн Жәбал болатын. Пайғамбардың дәуірінен кейін ең білімді сахабалар діни сипаттағы көптеген сұрақтарға байланысты пәтуалар шығарған. Ал әділетті халифалармен қатар Омар ибн Хаттаб сахабаның немересі Омар ибн Абдулазиз бір уақытта мемлекет басшысы және муфтилік қызметтерді қатар атқарған. Алайда кейінгі кезеңдерде бұл функциялар екіге бөлінді. Исламдағы негізгі құқықтық жүйелер муджтахидтер тарапынан дайындалып, арнайы жинақтар ретінде кітап болып шығарылды. Мұндай еңбектер жауап берілген құқықтық сұрақтарға қайта жауап іздемеуге жол береді», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: